ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ
АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
050205 - «Филология» мамандығы бойынша
ПӘНДЕРДІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Алматы
«Қазақ университеті»
2007
1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҮСЫНҒАН
2. Республикалық оқу-әдістемелік
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
кеңесі 22 маусым 2006 жылғы
мәжілісінің хаттамасының шешімімен БЕКІТІЛДІ
ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.
3. ҚР БжҒМ 11 мамыр 2005 жылы № 289 бүйрығымен
бекітілген 050205-«Филология» бойынша
пәндердің типтік оқу бағдарламалары ОРНЫНА
ЕНГІЗІЛГЕН.
4. Типтік оқу бағдарламалары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес 050205 - «Филология» мамандығы бойынша
әзірленген.
5. Бағдарламаларды әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ жанындағы жаратылыстану және ізгілендіру
мамандықтары бойынша РОӘК секциясының Кеңесі баспаға
ұсынған. № 2 хаттама 19 мамыр 2006 жыл.
Қазақстан Республикасы Білім жөне
ғылым министрлігінің рүқсатынсыз осы типтік
бағдарламаларын көбейтуге және таратуға болмайды.
050205 - Филология
мамандығы бойынша пәндердің типтік бағдарламалары- Алматы:
Қазақ университеті, 2007. -316 6.
© Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ
ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Көлемі 2 кредит (90 сағат)
Авторлар:
филология ғылымдарының докторы, профессор С.Негимов
филология
ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Сағындықов
Пікір жазғандар:
филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Тебегенов
филология ғылымдарыньщ докторы, профессор З.Сейітжанов
АЛҒЫ СӨЗ
"Ежелгі
дәуір және Орта ғасырлардағы қазақ
әдебиеті" атты жалпы курстың мақсаты мен міндеті -
біздің заманымызға дейінгі жазу-сызулардан бастап, XV ғасырға дейінгі әдебиет туралы біртұтас ұғым
қалыптастыру. Ежелгі әдебиетті көне тарихпен,
көшпелілер мәдениетімен сабақтастыру. Әдебиеттің
қалыптасу кезеңдерін жүйелеу. Әр дәуір
әдебиетінің өз ерекшеліктерін аңғарту.
Әдеби-мәдени және тарихи мәндері бөлекше жазба
ескерткіштердің мазмұнын және көркемдік мұратын
талдау. Қазақ әдебиетінің кейінгі дәуірлермен
байланысын ашу және ортақ ұқсастық-бірліктерін
айқыңдау.
Жалпы курсты етуге
қажетті алғы пәндер тізімі:
- Әдебиет
теориясы
- Қазақ
халкының ауыз әдебиеті
- Ежелгі
Казакстан тарихы
- Түркі
халықтарының әдебиеті
Пән мазмұнына
негізделінген білімі және оны пайдалану машығы мен бейімділігі.
"Ежелгі дәуір және Орта ғасырлардағы
қазақ әдебиеті" пәнін оқу аркылы студент төл
әдебиетіміздің тарихын, яғни оның қалыптасу
процесін. әр түрлі даму кезеңдерін және зерттелуі мен
зерделенуін жан-жақты қарастырады. Бұған қоса,
осы күнге дейін өзінің көркемдік мәнін,
эстетикалык сипатын жоймаған, айрықша жаратылған
"Күлтегін", "Тоңұқұқ",
"Оғыз қаған" жырлары мен "Қорқыт
ата кітабы", "Диуану луғат ат-түрік". "Кұтты білік",
"Даналық кітабы", "Ақиқат сыйы",
"Гүлістан бит-түрки", ''Махаббат нама",
"Қисас-ул анбийа" тәрізді жазба ескерткіштердің
табылуы мен аударылуын, олардың мазмұн-мағынасын, әдеби
ерекшеліктерін. көркемдік мұратын біліп, меңгеріп
шығады. Аталған жазба ескерткіштердің
әдеби-көркемдік жағынан өзінен кейінгі әдебиетті
дамытып-байытудағы орны мен маңызын түсінеді. Ең
әуелі, болашақ мамандарға жекелеген жазба ескерткіштер мен көркем
туындылардың мәтінін өз бетімен оқып-талдауына
және әдеби-ғылыми түрғыдан терең зерттеп-шұғылдануына
мүмкіндік беріп, жағдай жасайды.
ПӘН МАЗМҰНЫ
Кіріспе
"Ежелгі
дәуір және Орта ғасырлардағы қазақ
әдебиеті" пәні б.з.б. жазу-сызулар мен заманымыздың Ү-ҮІІІ
ғасырларындағы тастағы жазулардан бастап, қазақ
хандығы құрылғанға дейінгі түркі жұрттарына
ортақ дәуірлердегі әдебиетті оқытады. Бабаларымыз XV ғасырда шаңырағын көтерген Қазақ
Ордасы құрылғанға дейін ұлт болып қалыптасу
жолында қилы-қилы тарихты басынан кешірген елміз. Арғы тамыры
Орталық Азияны мекендеген көне тайпалар шежіресіне ұласып,
4-5 мың жылдықтарға дейін кетеді. Ежелгі әдебиет
сақ, ғұн, түрік дәуірлерінен Алтын Ордаға,
одан казақ хандығына дейінгі көшпелілер мәдениетімен,
тарихымен байланысты. "Қазақ" сөзі біздің
заманымыздағы VIII ғасырдағы
тастағы жазуларда кездеседі. Түркі жұртының
біздің заманымызға дейінгі дәуірлердің өзінде 26
әріптен тұратын жазуы болған. Қала мәдениеті,
ғылым, сәулет өнері дамыған. Түркі
өркениеті қалыптасқан.
30-жылдарда Қ.Жұбанов
бастап, 50-жылдардың аяғында әдебиетгің ежелгі
дәуірін зерттеу мәселелерін Б.Кенжебаев көтерді (1959 ж.
"Әдеби мұра және оны зерттеу"). Бүгінгі
таңда әдебиеттану ғылымында Б.Кенжебаев, Ә.Марғұлан,
Ә.Қоңыратбаев, Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдасбеков,
М.Мағауин, Н.Келімбетов, А.Қыраубаева т.б. ғалымдардың
қазақ әдебиетінің көне тарихын
жүйелеп-зерттеудегі еңбектері бар. Қазақстанның
өз тәуелсіздігін алуына байланысты көне тарих беттері
ашылуда. Соңғы жылдарда ежелгі әдебиетті зерттеудегі
жаңаша бағыттар, жаңа деректер, аудармалар шыға
бастады. Бағдарлама соңғы жаңалықтарды ескере
отырып түзілді. Ежелгі әдебиеттің даму кезеңдері төмендегідей
жүйеленді:
-
Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар (сақ,
ғүн, үйсін дәуірі. Б.з.б. VII-
б.з.ІУ ғ.ғ.).
-
Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет
(Ү-УШ ғ.ғ.).
-
Оғыз дәуіріндегі әдебиет (ІХ-Х ғ.ғ.)-
- Ислам
дәуіріндегі әдебиет (Х-ХІІ ғ.ғ.):
Сыр
бойы әдебиеті; Қарахан әдебиеті.
- Алтын
Орда дәуіріндегі әдебиет (ХШ-ХІҮғ.г.).
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕДЕГІ ӘДЕБИЕТ
Заманымыздан бүрынғы жазу-сызулар(б.з.б. ҮІІ-б.з.ІҮ
ғ.ғ.)
Қазіргі
Қазакстан жерінде біздің заманымызға дейінгі VII ғасырлардан заманымыздағы IV ғасырлар арасында сақ, ғүн, үйсін тайпалары
өмір сүргендігі. Тілі - түркі тілі, жазуы - түркі жазуы
болғандығы жөніндегі бұлтартпас деректер.
"Сақа", "сақы", "сақпан",
"карсақ", "саксыну", т.б. сөздердегі
"сақ" түбірінің сақталуы. Геродоттың "Тарих"
кітабындағы деректер. Ғүн, үйсін тайпаларының өмір
тіршілігі жайындағы Сыма-Цяннын "Жылнама", Бань-Гудың
"Ханнама" кітаптарының маңызы.
Тарғытай, оның үш ұлы: Арпоқсай,
Ылпоқсай, Қолоқсай туралы аңыз. Шаңырақты
кіші ұл иелену дәстүрінің түпкі көрінісі.
Осы аңыздың қазақта жұмбақ түрінде
айтылуы (түрен, балта, мойынтұрық, шемішті тұспалдау). Тарғытайдың
Ер Тарғын атымен есте қалуы.
Алып — Ер Тұңға. Фирдоусидің
"Шаһнамасындағы" Афрасияб, "Авестада"
Франграсиан екендігі. Ол туралы жоқтау жырының Қашқари
"Сөздігінде" (XI ғ.) берілуі.
Тұмар патшайым - ұлы сақ даласының
билеушісі. Жаулап алмақ болған Кир патшаның жансыз басына
жиіркене қарап тұрып: "Аңсағаны" қан
еді, іш енді соның, - деп қан толтырған сабаға
тығып, өзенге лақтыруы.
Ел тағдыры
үшін жанын қиған Ширақ
батыр. Өз бақытынан ел бақытын артық санаған Зарина сұлу. Түмар мен
Зарина үлгісінің Қарлыға, Гүлбаршын,
Гүләйім бейнелерінде сақталуы.
Көшпелі
сақтардың үлы, әйгілі шешен Анақарыс (Анахарсис),
Ғүн
билеушісі Мөде (Мөте,
Боғда) ерліктері жайлы аңыздар. Түркілердің киетегі
(төтемі) - "Көк бөрі" аңыздары. Есіктен
табылған заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар мен жазба
деректер. Алтын адамның жанындағы тостағандағы жазу.
"Аға, саңа очуқ! Без чек! Бүкүн ічре азұқ"
–сөздерінің мағынасы мен мәні. Ондағы
көркемдік ойлаудың көріністері.
Деректі жазу бар
жерде әдебиет болатындығы.
Түркі қағанаты
дәуіріндегі әдебиет (Ү-ҮІІІ ғ.ғ.)
Бұмын қағанның
(Елхан) түрік тайпаларының басын қосып, Түрк
қағанатын құрғандығы. Бұмынның
мүрагерлері Мұқан қаған мен Естемі. Елтеріс
қағанның түріктерді тауғаштардан азат етуі.
Қүлтегін мен Білге қаған, Тоңұқұқтың
тұсындағы Түрк қағанаты.
"Орхон
ескерткіштері", оның жазылу себебі. Зерттелуі. Ескерткіштің
кілтін табудағы Дания ғалымы
В.Томсен мен В.В.Радловтың еңбектері.
Орхон жазуының
мазмұны мен айтар ойы. Білге қағанның ел-жұртқа
үндеуі. Жырдағы айтылатын негізгі мәселе елдің
тәуелсіздігі, береке-бірлігі екендігі. Ұрпақтарға
өсиеті. Түріктердің 630-680 жылдары тәуелсіздік
тізгінінен айырылып қалу себебін түсіндіруі. Бұмын, Естемі
кағандардың орнына отырған хандардың біліксіздігін
сынауы. "Жаным - арымның садағасы" дейтін
дәстүрлі жан-дүниесінің көрінісі. Көк Тәңірі
мен түріктердің касиетті жер-суы Елбілге анадан Елтеріс атты
ердің тууы. Қаһармандары: Білге қаған,
Қүлтегін, Тоңұкұқ.
Жырдағы
окиғаны ұйыстырушы негізгі тұлғаның
Қүлтегін екендігі. Оның он жасында ер атанып, он алты
жасқа келгенде ел-жұртын молайтқаны. Отыз бір жасқа
дейінгі ерліктері, елге қорған бола білгендігі, қырық
жеті жаста қаза табуы.
Білге
қаған халқының қамын ойлап, күндіз
отырмаған, түнде ұйықтамаған Елбасы екендігі. Көрші
тайпалардың бағалауы.
Тоңүқүқ
бейнесінің "Оғыз каған жырындағы" ұлық
Түрік және қазақтың Бұхар жырауымен ұқсастығы.
Қара Ертісті жайлаған қарлықтардың Сәбек тайпасынан шыққандығы. Тоңұқұқ
- сол кездегі түрк қағанатының саяси-әлеуметтік
және әскери ісінің барлығын өз қолынан
өткерген дана абыз. Тоңұқұқтың ұрпағы
- Тәтетұнға туралы мәлімет.
Көне
түріктердің наным-сенімі, өмір туралы түсінігі. Көк
Тәңіріне сыйынуының көріністері.
Орхон жазуларының жанры. И.В.Стеблеваның,
Қ.Өмірәлиевтің, Ғ.Айдаровтың,
М.Жолдасбековтің пікірлері. Жырдың қазақтың
дәстүрлі эпосымен үқсас екендіғі. Ортақ ұқсастық
- бірліктері: тақырыбы, көтерген мәселесі, көркемдеу тәсілдері,
сөз қолданысы тұрғысынан қарастыру. Жырдың
туындыгері кім? Йоллық тегін, Тоңұқұқ
туындыгерлігі жөніндегі пікірлер. "Тегін" және
"құл" сөздерінің мағынасы
(Қашқари сөздігінде). Оғыз дәуіріндегі
әдебиет (ІХ-Х ғ.ғ.)
Білге
қағанның қазасынан соң, Түркі
қағанаты ішкі қырқыстар салдарынан әлсіреп,
бірнеше хандықтарға бөлінуі.
Оғыз
мемлекетінің құрылуы. Орталығы Жанкент қаласы
болғандығы. Түркеш,
қарлық,
оғыз
тайпаларының
қай-қайсысы
болмасын, қазақ
халқының қалыптасуына негіз болған қайнарлар
екені. Оғыз дәуірінің ескерткіштері: "Қорқыт
ата", "Оғыз қаған жыры".
"Қорқыт
ата кітабы"
Қорқыт атаның аңыздағы бейнесі. Қорқыттың өлімнен қашуы. Өмір мен өлім туралы мифтер. "Авестамен" ұқсастығы. Қорқыт - алғаш қобыз аспабын жасаушы, күй атасы, бақсы. Қорқыт күйлері. Қорқыттың бақсылык өнерін, күй өнерін қазақ арасындағы жалғастырушылары. "Қоркыт" сөзінін тарихи-лингвистикалық мағынасы. "Қорқыт ата" кітабының XV ғасырда проза түрінде хатқа түскен нұсқалары: Дрезден, Ватикан нұсқасы. Қазақ әдебиетінде зерттелуі. Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, М.Жолдасбеков. Ш.Ыбыраевтардың еңбектері. Аудармалары.
Қорқыттың
нақыл сөздері, оның бүгінгі қазақ
мақал-мәтелдермен бірдек екендігі. Ежелден от басындағы
ананың рөліне ерекше мән берілгендігі. Әйелдердің
төрт түрін көрсетуі. Ең сүйкімді әйел
бейнесі.
"Тоқа қожа баласы ержүрек Темірұл
(Домрұл)" жыры. Қорқыт
аңыздарындағы өлімнен қашу идеясының ержүрек
Темірүл туралы жырді-көрініс тапқан. Мазмұны. Домбауыл
батыр аңыздарымен ұқсастығы. Бұл жырдың
негізгі желісі қазақ жеріне исламның келе бастаған
кезінен бұрын шыққандығы. "Гилгамеш",
"Авеста" жырларымен ой-пікір ұқсастығы.
"Алып Бамсы" жыры. "Алпамыс
батыр" жырының архетипі екендігі Банушешек, Жарташык бейнелері.
Жырдағы тұрақты эпостық сарындар. Сюжеттік арнасына
негіз болған "қыз ұзату" желісі. Басқа елге
қыз беріп қыз алудың бір елдің екінші елден күш
алу мақсатында жасалатындығы геосаясаттық мәні.
"Төбекөз дәуді өлтірген Бисат батыр"
жыры. Мазмұны. Айтар ойы Жырдағы Төбекөз.
Пері қызы, ана - арыстан сияқты мифтік бейнелер 'Тебекөз"
мифтерінің қазақтар арасына кең
тарағандығы, түрлі жағрапиялық ортада ауысқан
кейіпкер екендігі. Төбекөздің грек "Одиссеясындағы
Полифемге ұқсастығы. Алтайдағы аримаспы
тайпаларының дәстүріндегі ұқсастық. Көне мифтермен
байланысы. "Тебекөз" сюжетінің "Еділ-Жайық"
жырларында ауызша сақталғандығы. Қазақ арасында
"Жалғыз көзді дәун аталуы. "Дәу",
"дию", "дайво", "дева" сөздерінің
түпкі мәндері.
"Қазан
Салардың ауылын жау шапқаны туралы жыр". Жырдың
оқиғасы. Жырдағы қазақ әдебиетінің
кейінгі дәуірлеріне дейін жеткен қызғылықты мифтік
желілер: Оразбектін Ағашпен сөйлесуі. Бұл
оқиғанын Қашаған Күржіманұлының
(1841-1929) Есқали сопыға айтқан өлеңімен
сәйкес келетіні. Түркілердің қыпшақ бұтағы
өзінің шығу тегін ағашпен байланыстыратыны.
"Оғыз
қаған жыры"
Зерттелуі. Мазмұны.
Жырдағы Көк бөрі оқиғасы, Ұлық
Түрік бейнесі. Жырдың тарихи негіздері. Ондағы
қыпшақ, карлық, қалаш, оғыз, қаңлы,
шүршіт т.б. ру-тайпаларының шығу тегін бір адамнан тарату
сарыны (персонификациялау). Түркілердің он екі мүшел жыл
санауындағы хайуанаттар - олардың өз төтемдерінен хабар
беретіндігі. Көк бөріні киелі санай отырып, сонымен бірге
өгіз, аққу, қарға, ағашты кие
түтатындығы, "Бұғы" киетегі. "Оғыз
қаған" аңызының қай ғасырдағы
оқиғалардың куәсі екендігі жөніндегі пікірлер
(Ә.Қоңыратбаев, А.Машанов, Х.Сүйіншәлиев,
Қ.Өмірөлиев, М.Жолдасбековтің пікірлері). Жырдың
негізгі желісі, оған ұйытқы болған кейіпкер -
Оғыздың өгіз төтемінің пайда болу замандарында
шығып, хатка түскенге дейінгі аралықта түркі
тайпаларының өміріне қатысты көптеген аңыздарды
жинақтау, екшеу сатысынан өтіп келгендігі.
Шәкәрімнің
"Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар
шежіресіндегі" Оғыз ханның ұрпақтары туралы деректер.
Оғыздың тарихи бейнесі туралы Н.Я.Бичуриннің пікірі.
Оғыз бейнесінің Мөдеге /Боғда, Мөте/ қатысы
туралы деректер. Әлемнің "нұрдан жаралуы" туралы
ой. Әл-Фарабимен үндестігі. Жырдағы Қат (Қият) -
жалмауыз аң бейнесінің қият тайпаларымен болған
соғысты көрсететіндігі. Жырдың
қүрылысы жағынан қазақ эпостарымен
үндестігі.
Оғыз қаған
құрған мемлекеттің жай-күйі. Оғыз
жорықтарының ІХ-Х ғасырларлағы Қазақстан
жеріндегі ру-тайпалардың орналасу жүйесінен хабар беретіндігі.
ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Ислам дәуірінлегі әдебиет (Х-ХІІ ғ.ғ.)
Араб
халифатының құрылуы. Ислам мәдениетін жасаудағы
қазақ жерінен шыққан ғалымдар мен ақын-жазушылардың
орны. Мұсылман мәдениетінің көне антикалық
мәдениет дәстүрі мен шығыс дүниесі
өркениетін біріктіру арқылы Еуропалық Оянушылықтың
негізін жасағандығы. Ислам дінін таратудағы Мүхаммед
пайғамбардың рөлі.
Құран -
адамзат мәдениетінің ірі ескерткіштерінің бірі. Құрандағы
ежелгі шығыс мифологиясы.
Орта ғасырда
Араб халифатының ыкпалында болған Азия, Африка, Индия мен Испанияға
дейінгі жерлерде біртұтас мұсылман мәдениеті
жасалғандығы. Сыр бойы мәдениеті. Қалалары.
Жібек жолы туралы түсінік. Отырар, Сауран, Испиджаб, Баласағұн,
Тараз шаһар-кенттерінің мәдениет-әдебиет
дамуындағы рөлі.
Әл-Фараби. Өмірі, шығармашылығы. Әл-Фараби
және музыка. "Музыканың үлкен кітабы" еңбегі.
Бүл күрделі еңбекте музыканың тарихы, табиғи
заңдылықтары, дыбыстардың табиғаты, жеке дауыспен кеп
дауысқа айналу құбылысын талдағандығы. Тоғыз
шекті музыка аспабы туралы тұжырымдары. Осы еңбегінің
Еуропада музыка тарихынан көптен оқытылып келе
жатқандығы.
Әл-Фарабидің
грек оқымыстылары Платон, Аристотель, Пифагор, Евклид еңбектерін
араб тіліне аударып, дамытуы. "Жоғарғы табиғаттану
негізі" еңбегі. Шығыс пәлсафасының
тереңдігін, көне тылсымын қорытқан шығарма
екендігі. "Бүкіл ғалам нұр - сәуледен пайда
болған" деген ойы.
Әл-Фараби
ойшыл. Әл-Фараби және Абай. Екі алыптың
кезқарасындағы ұқсастықтар: "Адамзат
өз мекенінде тәртіппен, жарастықты жәрдеммен, үнемділік
өлшеммен, ынсаппен өмір сүруі керек" деген тұжырымы.
Әл-Фараби және математика. Әл-Фараби - әдебиеттің
тегі мен түрін зерттеуші. "Өлең
өнерінің кағидаларың трактаты. Әл-Фараби -
ақын. Өз тұстарының бағалауы.
Өлеңдері: "Қашықтасын туған жер,
қалың елім" т.б. "Қайырлы дала адамдарының
көзқарасы" атты трактатындағы Томас Мор, Жан Жак Руссо,
Кампанелла, Фирдоуси, Низами Сұлтанмахмұт ойларымен ұқсастығы.
"Екінші ұстаз" атануы. Әл-Фараби
дүниетанымындағы оянушылық көріністері.
Еңбектерінің
зерттелуі. А.Машанов, А.Көбесов, А.Қасымжанов, т.б.
ғалымдардың еңбегі. Фарабитану ғылымының
қалыптасуы. Қорытынды: Әл-Фараби - әлемдік
өркениетке зор үлес қосқан ғалым. Отырар
өркениеті. Отырардан шыққан ғалымдар: Әбу
Ибраһим Исхаһ бин Ибраһим әл-Фараби. «Әдеби жинақ» еңбегі.
Исмаил әл-Жауһари, т.б.
Ахмет Йасауи. (XII ғ.). Ақын, ойшыл, ұстаз, бүкіл түркі жұртына
имандылық нұрын шашқан діни қайраткер, діни
ағартушы, жаңа сопылық ағымның пірі.
Өмірі.
Шығармалары. Ақынның ұстаздары - Ақата, Арыстан
баба. "Ұстаздың ұртындағы құрма".
"Хикметтер" кітабы адамгершілік, ізгілік жолына үндейтіндігі,
күпірліктен сақтандыратындығы. Дінді құрметтеу,
имандылык, адамгершілік мәселесі. Йасауидің даналық
ойларының Баласағұни мен Абай пәлсафасымен
үндестігі. Ол ойлардың бір арнадан тарағандығы.
Өсиет-өнегелік мәні.
Йасауи - ойшыл.
Сопылық дүниетамның мағынасы. Негізгі ойы
-адамның Аллаға шексіз махаббаты екендігі. Йасауи
"Хикметтеріндегі" ғашықтық, Алланы сүю,
жаратушыға іңкәрлік мағынасында берілетіндігі.
Халуат:
Ел-жүрттан аулақтану. Жаратқан Аллаға сыйынып,
қүдіретінің шексіздігі мен руханияттың мағынасын ұғу,
пенделік тіршіліктен баз кешіп, жан дүниені тазарту, жоғарғы
рухитанымға үңілу, діни-пәлсафалық
еңбектерді оқып, іздену.
Йасауи "Хикметінде":
Алланы тану адамның өзін-өзі тануы үшін
қажеттігі. Мұхаммед (С.Ә.С.) пайғамбар мен төрт
сахабасын мадақтауы. Өмір мен өлім толғаныстары. Жер
астына түсу себебі. Йасауи тақуалығынын Баласағұни
кейіпкері Одғұрмаштьщ, Шәкәрімнің, Ақан
серінің қоғамнан оқшаулануымен байланысы.
Ахмет Жүйнеки (Йүгінеки). Өмірі,
шығармашылығы. А.Жүйнекидін "Ақиқат
сыйы" кітабы. Кітаптың түрік тілін құрметтеп, оны
поэзия тіліне айналдыруды мақсат еткені. А.Жүйнекиді Әлішер
Науаидің бағалауы.
Алланы, Мүхаммед пайғамбарды, төрт сахабасын мадақтайтындығы. Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы. Тілді тыйып ұстау -әдептілік пен тәртіптіліктің шарты. Жомарттық пен сараңдық. Кішіпейілділік пен тәкаппарлық. Біліктілік туралы ойлары. "Ақиқат сыйының" адамгершілік, сыпайылық, тазалыққа тәрбиелейтіндігі. А.Жүйнекидің қанатты сездері. Абай ойларымен сабақтастығы.
Сүлеймен Бақырғани (Хакім ата. XII ғ.). Ахмет Йасауиден дәріс алған талантты шәкірттерінің бірі. Түркістанда туып, Орта Азия, шығыс елдеріндегі беделді оқу орындарында оқыған, ғүлама атанған, 1136 ж. қайтыс болған ақын, діни ағартушы екендігі.
Бақырғанидін, түркі әдебиетінде нәзирагөйлік дәстүрді енгізген, Йасауидің сопылық көзқарастарын дамытқандығы. "Ақыр заман", "Бақырған", "Хакім ата" кітаптарында дін жолын, Аллаға ғашықтықты, пайғамбарлар өмірін насихаттайтындығы. Алғаш Құран хикаяларын түркі тілінде қисса жанрында нәзира тәсілімен жазған ақын: "Смағұл қиссасы", "Жарты алма", "Ибраһим және оның шаһит ұлы", "Ғазыреті Ғали", "Мұстафа" т.б. қисса-хикаялары.
ҚАРАХАН
ӘДЕБИЕТІ
ХІ-ХІІ
ғасырларда Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу
өңірлерінде Қарахан мемлекетінің құрылуы. Орталығы:
Баласағұн мен Қашқар қалалары. Ғылым, әдебиеттің
дамуы. Қала мәдениеті.
Махмұт Қашқари (XI ғ.) өмірі туралы деректер. М.Қашқари - тұңғыш түркі филологы. "Диуани лүғат ит-түрк" сөздігі. Бүл кітаптың қазақ әдебиетіне, тіліне. тарихына, этнографиясына қатысты қайнарлардың бірі екендігі. 6800 түрік сөзіне араб тілінде түсінік бергендігі.
Зерттелуі: Стамбұлдан басылып шығуы (1915-1917). Неміс, түрік, өзбек, ұйғыр. қазіргі қазақ тіліндегі айдармалары. "Сөздіктегі" ауыз әдебиеті үлгілері: Жырлар, мақал-мәтелдер, оның бүгінгі қолданыстағы қазақ мақалдарымен бірдейлігі. "Қонақ келсе, қүт келер", "Екі бура үйкенісер, ортасында сона жаншылар", "Құрғақ қасық ауызға, қүр сөз құлаққа жақпас", "Көсеуі ұзын болса, қолы күймес" т.б. көптеген мақалдардың бүгінге дейін айтылатындығы.
"Жаз бен қыстың айтысы" өлеңі. Қазақ даласының мекен-жайлары туралы деректер. Окс (өгіз), Еділ Өзендері, Баласағұн, Испиджаб, Тараз, Сығанақ, Қарнақ т.б. жер-су атаулары. Түріктер туралы. Жиі кездесетін есімдер: Құстегін, Алыптегін, Қүлтегін, Атыш, Сәбит т.б. түркілердің жыл қайыруы, тағамдары.
Алып-Ер Түңға - түркі көсемі туралы жоқтау жыры. М.Қашқаридің әлемге Фирдоуси "Шаһнамасы" арқылы мәшһүр болған Афрасияптың (Махмұт Қашқариде: Алып-Ер Түңға) тарихи тұлға екенін анықтап бергендігі. Тұрған жері, жақындары туралы деректер: қызы - Қаз, ұлы -Барсхан. Алып-Ер Түңғаның өлімнан қашуы туралы аңыз. Оның Қорқыт аңыздарымен үқсастығы.
Қашқаридегі насихат - дидактикалық өлеңдер. Сопылық поэзияға тән көзқарастары: уақыттың тез өтпелілігі, қанағатшылдыққа шақыруы, жақсы қасиеттерге ұмтылу. Табиғат суреттері, ғашықтық жырлары.
Жүсіп Баласағуни (XI г.). Баласағүн (Тараздың маңайы) қаласында туып-өскен Жүсіп Баласағүнидің "Құтты білік" (1069-70) кітабымен әйгілі болғандығы. Зерттелуі, аудармалары, басылымдары. "Құтты біліктің" 85 тараудан тұратындығы. Шығыс патшаларының көшіртіп алып оқығандығы.
Дастанның оқиғасы: Халқының құты болған билеуші Күнтуды. Зерек, ақылды жігіт Айтолды, оның ұлы Өгділміш. Ақылман Өдғұрмыш бейнесі. Күнтуды мен Өдғүрмыштың хаттары, әңгіме-сұхбатының мәні. Өмір мен өлім, ел мен ел билігі, адамдық қарым-қатынастар туралы ойлары. Өдғұрмыштың елден безуі, түсі.
Баласағүнидің даналық ойлары: Адам. Оның кемелдену жолдары. Ғылым іздеу, ізгілік, даңқ пен дәулетке мастанбау, әділет жолын қуу, ажал есігіне адамшылықты аттамай кіру т.б. Адамдық қасиеттерді іздеу – ізгілік үшін.
Тіл, білім, қайырымдылық туралы тараулары. Адамгершілік, руханият -
"Қүтты біліктің" негізгі өзегі.
Кітаптың
кейіпкерлері: Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат.
Төрт үйлесім, үн тұтастык
туралы шығыс ілімі. Кітаптың
сұрақ-жауап,
диалог түрінде жазылуы.
Баласағұни
мен Қорқыт ата, Абай ойларының ұқсастығы. Кемел
адам кісіні абыройлы ететін сипаттар, ғылымды ізгілік жолына пайдалану.
"Бес нәрседен қашық бол". "Үйлену
туралы" тарауы: Адал жар табу, тәрбие мәселесінің көтерілуі.
Жаратушыны сүю. Кемел мемлекет арманы Жауанмәртлік пәлсафасы.
Сүю - жан бейнеті. Өмірдің өтпелілігі туралы ойлары.
Имам Ғаззали дүниетанымымен сабақтастығы.
"Қүтты біліктегі" қанатты
сөздердің бүгінгі қазақ мақалдарымен ұқсастығы.
Хас Хажыптың қызметі мен қасиеттері. Ақындар, кепестер
бітігші, уәзір, елбасы, қазынашының қызметін суреттеуі.
Табиғат суреттері Танымдық, тәрбиелік мәні.
АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТ
(ХШ-ХІҮғ.ғ.)
Алтын Орда
мемлекетінің құрылуы. Халқы - түркі жұрты,
тілі - түркі тілі, діні ислам екендігі. Мемлекеттің жай-жапсарына
түсінік. Шыңғысхан және оның ұрпақтары.
"Құпия шежіре" деректері.
Алтын Орданың
алғашқы ханы - Жошы хан туралы. Мемлекеттің саяси
әлеуметтік жайы. Мәдениеті. Қалалары: Бату сарайы, Берке
сарайы, Сарай, Сарайшық. Алтын Орда тұсындағы
қыпшақ-қазақ жері. Сарай, Сарайшық
қалаларыны- мәдениеті мен рөлі. Қазба жұмысында
табылған бұйымдар, қолөнер кәсібі. сауданың
дамуы. Астрахань маңайы, Сыр бойы, Талас-Шу аймағы, Жетісу өлкесі
ежелден сауда айналысының қан тамырлары болғандығы. Қала мәдениетінің
жандана бастауы. "Отырар-Қаратау керамикалық мектебі Алтын
Ордаға қатысты деректер қалдырған елшілер мен
саяхатшылар: 1246 жылы
Қарақорымдағы Күйік ханға барған папа
Иннокентий 4-нің елшісі Плано Карпини, 1925 ж. Моңғолияда
болған Людовиктің елшісі Рубрук, ибн Батута, Цегалоттидің
еңбектері. Жібек жолының маңызы.
Әдебиеті. Аударма
— нәзира әдебиет: "Қисас-и Рабғұзи",
"Гүлстан бит-түрки", "Хұсрау-Шырын",
"Қисса Жүсіп", "Жұмжұма
сұлтан" т.б. ХІІІ-ХІҮ ғасыр әдебиетінің
негізгі бағыты өткен тарихты, ежелгі сюжеттерді қайта
жаңғырту екендігі. Шығыс Ренессансы, ерекшеліктері,
оның Алтын Орда дәуіріндегі әдебиетке әсері.
Әл-Фараби дәстүрінің әдебиеттегі көрінісі.
"Нәзирашылдық", оған М.Әуезовтің берген
анықтамасы. Алтын Орда дәуіріндегі ескерткіштерді
"аударма-нәзиралық әдебиетке" жатқызу себебі.
Әдебиеттегі "нәзира" тәсіліне
түсінік. Нәзирагейліктің алғашкы белгілері;
қазақ даласына исламның орнығу кезінде кіре бастауы.
Йасауи шәкірті Сүлеймен Бақырғани қиссаларынан көрініс
табуы ("Смағүл киссасы", "Ибраһим жөне
оның шәһит ұлы", "Ғазіреті
Ғали" т.б.). Бұрыннан белгілі сюжеттерді қайталай жазып,
көне мифтер мен культтерді жаңғырту -шығыста ежелгі.
Ассирия - Вавилон дәуірінен (б.з.д. 2 мыңыншы жылдар) дамыған
үрдіс екені. "Гилгамеш", грек кикликтері, "Илиада",
"Одиссеяны'' кайталай жазу үрдістері.
Нәзира
тәсілінің тууына түрткі болған себептер. Түркі
оянушылығы. Онын негізгі шарттары. Түркі тілінің мән-маңызын
көтеру мәселесі. Түркі өркениетіндегі оянушылықтың
негізгі тәсілі болған нәзирашылдықтың орыс
отаршылдығының қысымына қарсылық ретінде
ғасырымыздың басында дами түсуі.
"Кисса Жүсіп" (1212-1233). Туындыгері -
Әли. Қиссаның түпкі төркіні Египетте
тараған Иосиф пен Потифардың жұбайы туралы мифтерде екендігі.
Кемел патша. мінсіз әйел, ғашықтық
тақырыбының көтерілуі. "Сұлулық"
желісі. Жүсіптін оқ түрлі қасиеті.
"Жүсіп-Жақып" желілері. "Қорқыт
ата" кітабымен ұксастығы.
Ғашыктық
желісін дамытудағы парсы ақындарының еңбегі.
Зылиханың өз күйеуі бола тұра қолбаласына
ғашықтығын ақтап, дәлелді ету жолындағы
ізденістер, "Түсінде көріп,
сырттай ғашық болу" сарындары. Жүсіптің
жолын 40 жыл тағат кылып тосқан Зылиханың Алла тағала
шапағатына бөленіп, жас қалпына түсуі.
"Қисас-и Рабғұзи" (1310 ж.)
Шығарманың жазылған уақыты, туындыгері туралы мәлімет. "Қисас-ул
әнбийа" атымен танымал болуы. Қазақ арасына таралуы.
Зерттелуі.
"Қисас-и Рабғузи" ("Рабғузи
қиссалары") ежелгі дәуір әдебиетінің жинағы
екендігі. Насреддин Тоқбұға бектің кұрметіне арналып жазылғандығы.
Шығарманың
көшірме қолжазбалары. Жарияланымдары. 60-жылдарға дейін, діни
шығарма болғандықтан, зерттеудің колға
алынбағандығы. Рабғұзи қиссаларын зерттеудегі
проф. Б.Кенжебаевтың басшылығымен шықкан "Ертедегі
әдебиет нұсқалары" атты кітаптың маңызы.
Рабғүзи қиссаларының
негізі шығыстан алынғандығы: 1. Табиғат,
дүние құбылыстары,
жаратылыстын. пайда болуы жайлы; 2. Әулие-әнбиелер жайындағы діни-мифологиялық
әңгіме, аңыз-қиссалар; 3. Тарихи-діни қайраткерлер
туралы қисса-хикаялар.
Үш уыс топырақ туралы миф. Әзірейіл мен Жәбірейіл, Адам Ата мен
Хауа Ананың жаралуы. Дүниені жаратушы туралы идея, аңыз-әңгімелердегі
антропоморфизмнің көріністері. Ежелгі мифтер. Діни аңыздардың негізгі
діннің шығуынан көп бұрынғы замандарда туғандығы. Вавилон
мифологиясымен тамырластықтар. "Тұрақты сюжеттер". Шумер мифтерімен
ұқсастығы. Нұх кемесі туралы миф. "Топан су" мифтерінің Шумер
казбаларымен (Утнапиштим), Вавилон аңыздарымен (Эа құдай), Америка
үндістерінің мифтерімен бір негізден тарағандығы.
Дінді таратушылар,
халифтер мен тарихи адамдар жайындағы деректі, дерексіз әнгімелер.
Пайғамбарлар туралы аңыз-әңгімелер: Адам, Нұх,
Ибраһим, Ысқақ, Ысмайыл, Жақып, Жүсіп, Лұт,
Мұса, Харұн, Айып, Лұғайып, Дәуіт,
Сүлеймен, Ілияс-Қызыр, Иса, Жүніс, Армиа. Араб аңыздарынан
алынған: Лұқман, Зұлқарнайын, Салих
қиссалары.
"Нұх қиссасындағы"
қарлығаштың адамға достығы. Лүқман
хикаяттары қазақ ертегілерінде: "Аһил хайруан
қиссасы", "Дәуіт қиссасы", "Егінші мен қойшы",
"Сүлеймен пайғамбар мен құмырсқа",
"Зүлқарнайын қиссасы".
Казақ ертегі-аңыздарымен байланысы. "Рабғұзи
қиссаларында" ауыз әдебиеті үлгілерінің
жинақталуы.
"Жүсіп-Зылиха"
сюжетінің шығыста көп тарағандығы. Фирдоуси,
Жәми, Әли, Рабғұзи, Дүрбек, Шайад Хамзаның
нұсқалары. Құранның он екінші сүресіндегі
Жүсіп әңгімесі. Бұл
әңгіменің көне Египетте исламға дейін-ақ
тарағаны. "Жүсіп-Зылиханың" мазмұны: Жакып
пайғамбардың он екі ұлы Қызғаныш. Жүсіптің
зынданға салынып, Мысырга сатылуы. Зылиханың махаббаты.
Жүсіптің түс жоруы. Ағаларымен жолығуы.
Кінәсін кешіруі Әкесі Жақыппен кездесуі. Зылихаға
қосылуы.
"Рабғұзи
қиссаларындағы" тарихи оқиғалар. Жер-су аттары. Мұхаммед
Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли, Хұсейін
оқиғалары. Таиф, Мысыр, Қанған(Ханаан), Палестина,
Куфа, Шам, Мекке, Мәдине, Кербаланың құмы т.б.
қала ел атаулары.
Рабғұзидің
табиғат туралы әз өлеңдері. Қазақ арасында
Рабғұзі қиссаларының таралуы. Құлмұхаммед
Байғұлыұлы, Түрмағамбет шығармаларындағы
Рабғүзи сюжеттері.
"Гүлістан бит-түрки". Авторы Сәйф
Сараи (1320-1396). Өмір шығармалары жөніндегі
мәліметтер. Сәйф Сараидің "Қамысты" деген
жерде туғандығы. Египетке кету себебі.
Мәмлүктер тарихына шолу. "Көндігерлер
(Ә.Марғұлан). Сараидің "Суһайыл мен
Күлдірсін" дастаны. Дастанда өз дәуірінің
өзекті мәселесі көтерілетіндігі. Ақсақ Темір
шапқыншылығы.
"Гүлістан
бит-түрки" (1391) шығармасы. Оның Сағдидің
осы атта. шығармадан аударма-нәзира жолымен
алынғандығы. "Гүлістан"' хикаяттарынын
тәрбиелік мәні. "Бір сұлтанның үш ұлы",
"Наушаруак патша", "Уәзірдің ақымақ баласы",
"Байбатша мен кедей баласы", "Патша мен құлы"
әңгімелері. Сараидің өз өлеңдері.
"Кектем туралы". "Гүлістан" хикаяттарының
мәні, адамгершілік ойлары.
Сараидің
нақыл сөздері: "Бейнет көрмеген адам рахаттың
қадірін білмес", "Әдепті - әдепсізден
үйрендім", "Кісіге жалынышты болып, алтық қылыш
тағынғанша, еркіңмен отырып қара көже ішкен
артық", "Ұзын бойлы ақымақтан
қысқа бойлы ақылды артық", "Бір үйге
екі мейман сыя берер, ал екі сұлтанның басы бір елге сыймас",
"Екі жүзді адам алдыңнан келсе. койдай жуасып дос болар,
артыңнан келсе, бөрідей тырнақ салар",
"Тәрбие бірдей болғанмен, қабылдауы
түрлі-түрлі", "Дүние өмір рахаты үшін
керек. бірақ өмір дүние үшін емес".
"Хұсрау-Шырын" дастаны (1341-42). Авторы туралы деректер. Дастанның қысқаша мазмұны. Иранның ханы Ануширван. Хұсраудың тууы. Суретші Шапурдың әңгімесі. Миһин Бану және Шырын. Хұсраудын Шырынды іздеп шығуы. Көп қиыншылықтардан кейін жолығуы. Шырынның шарты. Византия патшасы, оның қызы Мәриям. Хүсраудың еріксіз Мәриямға үйленуі, Исфахандық Шекер сүлу. Шеруяның оқиғасы. Хұсраудың өлімі. Сүйгені үшін Шырынның өз-өзін құрбан қылуы.
Бүл дастанда
Низамидің өзінің сүйікті жұбайы -
қыпшақ қызы Аппақтың бейнесін жасауы. Хұсрау,
Шырын, Фархад бейнелері. Дастандағы адамгершілік ойлары.
Шығарма кейінгі
қисса-дастандарға желі болып тартылған: балаға
зарығу, окын көрікті де білімді болып өсуі, бір шеттегі
сұлудың даңкын естіп. сырттай ғашык болу,
екеуінің кездесуі жолындағы қиыншылықтар. кызға
ғашык болған бәсекелес кейіпкермен арадағы
қақтығыстар т.б. калыптардың бұл дастанда жүйеленуі.
Дастанның
көшірушісі қыпшақ ақыны Берке Факихтің
өлеңі.
"Жұмжұма сұлтан" дастаны (1370). Авторы Хұсам Кәтиб туралы деректер. Ластанның мазмұны. Иса пайғамбардың өмірінен алынған оқиғанын ғибратка құрылғандығы. Адамды адалдық, жақсылық қасиеттерге тәрбиелеуге арналғандығы. Жұмжұма сұлтанның о дүниеде басынан кешіргендерін суреттей отырып, адамды адалдыққа төрбиелейтіндігі. Жер бетіндегі жақсы тұрмыстың адам киялындағы елесінің бірі - жұмақ екені, оны әр халық өз ортасы мен тіршілігіне қарай елестететіні. "Рахат өмір" мифтері. «Тозақ» туралы түсініктердің пайда болуы. Олардың дінде түйінделуі. Жауыздық және ізгілік мәселесінің көрінуі.
"Жұмжұманың", "Қубас" және Мәулікей Жұмашев нұсқасы. Дастаннын имандылықты насихаттаудағы рөлі жөніндегі В.В.Радловтың пікірі.
Төлтума әдебиет. Оның нәзиралық шығармалардан айырмашылығы Хорезмидің "Махаббат нама" поэмасы. Нұсқалары, зерттелуі. В.В.Бартольд А.Н.Самойлович, Э.Н.Наджиптің еңбектері. Қазақ тіліндегі аудармалары (А.Қыраубаева, Ө.Күмісбаев және Жармұхамбетовтің аудармасы) Дастанның Йасауи жол салған сопылық дәстүрде жазылғандығы. Бастан-аяқ бір қызға ғашықтықты суреттеуі. Қыздың есігінің табалдырығын сәждеге теңеуі - әңгіменің түпкі мәні жаратушыны тану екендігінде. Қыздың таі бойындағы мінсіздікті суреттеу - Алланьщ шеберлігіне мадақ. Адам ө: болмысынан Алланың қүдіретін таниды.
Нама жанрының ерекшеліктері. "Тарассуль" жайында мағлұмат. Оны Хорезмиге ықпалы. "Жауаптасу хат" түріндегі наманы "Арнау хат" түріндегі намамен байытуы.
Хорезмидің өлеңді екі тілде бірдей жазғандығы. Парсы тіліндегі намалары. Дастанның 473 бәйіт, он бір арнау өлеңнен тұратындығы. Он бір арнау өлеңнің мағынасы және мазмұны. Мұхаммед Хожабекке арнау. Йасаур "Хикметтерімен" үндесуі. ХІП-ХІҮ ғасырларда "Аллаға махаббат' философиясының поэзияда трансформациялануы, адамдар арасындағь ғашықтыққа үласуы. Сүйгені үшін құрбан болудың "Аллаға махаббат' пәлсафасынан шығатындығы. Рух (жан) махаббаты. Оның Абай ойларымен үндесуі. Хорезмидің адамның ішкі жан дүниесін бейнелеуге ұмтылысы.
ТӘЖІРИБЕ САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1."Ежелгі әдебиет" пәні және
ғүн, сақ, үйсін дәуіріндегі әдебиет
2 . Ежелгі дәуірдегі әдеби
мұралар
3 . Түркі қағанаты
дәуіріндегі әдебиет
4 ."Күлтегінң,
«Тонықұқ ескерткіштері»
5. Оғыз дәуіріндегі
әдебиет және "Қорқыт ата" кітабы
6. "Қорқыт ата
кітабындағы" жырлар
7 ."Оғыз қаған"
жыры
8 .Ислам дәуіріндегі мәдени
және әдебиет
9 .Әл-Фарабидің
қоғадық-әлеуметтік трактаттары
10. Әл-Фарабидің әдеби
мұрасы
11.Ахмет Йасауи және сопылық
поэзия
12 .Ахмет Йасауидің
"Даналық кітабы"
13 .Сүлеймен Бақырғани
поэзиясы
14.Ахмет Йүгінеки және
"Ақиқат сыйы" кітабы
15 .Қарахан әдебиеті
16 .Махмұт Қашқари және
"Диуани лүғат ат-түрік" сөздігі
17 ."Диуани лүғат ат-түрік"
сөздігіндегі әдеби мүралар
18. Жүсіп Баласағүни және
"Құтты білік" дастаны
19."Құтты білік" дастанындағы
мемлекет, адам мәселелері
20 ".Құтты білік" дастанындағы этика-мораль мәселесі
21. "Құтты білік" дастанының көркемдік ерекшелігі
22. Алтын
Орда дәуіріндегі мәдениет және әдебиет
23. Алтын Орда дәуіріндегі әдеби мұралар
24. Төлтума әдебиет және "Махаббат
нама" дастаны
25. Әлидің "Қисса Жүсіп"
дастаны
26. Хұсам Кәтибтің "Жұмжұма"
дастаны
27. Сайф Сараидің "Гүлістан бит-түрки" дастаны
28. Қүтыбтың "Хұсрау-Шырын" дастаны
29. Рабғузи және "Қисса-ул әнбийа" ескерткіші
30. Рабғузи ескерткішіндегі пайғамбарларға байланысты әңгімелер
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1. Ежелгі дәуір
әдебиетінің зерттелуі
2. Орхон ескерткіштерінің жанрлық және
көркемдік ерекшеліктері
3. Орхон ескерткіштерінің қазақтың
эпостық жырларьшен үқсастық-бірліктері
4. Оғыз дәуіріндегі әдеби ескерткіштер
5. "Қорқыт ата кітабындағың
"Бамсы-Байрақ" жыры және қазақ эпосы
6. "Оғыз қаған" жырының
көркемдік-стильдік ерекшелігі
7. Ислам
мәдениеті және түркі әдебиеті
8 . Әл-Фараби - әдебиетші, ақын
9. Ахмет Йасауи
жөне сопылық поэзия
10. Ахмет Йасауи "Хикметтеріндегі"
дидактикалық сарын
11. Сүлеймен
Бақырғани поэзиясындағы этика-мораль мәселесі
12. "Құгты білік"
дастанындағы тәлім-тәрбие мәселесі
13. "Кұтты
білік" дастанындағы адамгершілік мәселесі және ел
басқарған
әкімдер бейнесі
14. М.Қашқари "Сөздігіндегі"
тұрмыс-салт жырларының үлгілері
15. М.Қашқари "Сөздігіндегі"
аңыз-әңгімелердің тарихилығы
16. 'Ақиқат
сыйы" кітабының тілі мен көркемдік ерекшелігі
17. Төлтума
әдебиет жөне Хорезмидің "Махаббат нама" дастаны
18. Алтын Орда
әдеби ескерткіштеріндегі дидактикалық сарын
19. Рабғузи киссаларынын қазақ
ауыз әдебиетіндегі үлгілері
20. Сайф Сараидің "Гүлістан бит-түрки"
ескерткішінің жанрлық сипаты
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі:
1. Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу
тарихы. Алматы, 1996.
2. Дәдебаев Ж.. Сағындыков Н. Қазақ әдебиеті: Ежелгі дәуір. Алматы,
2002.
3. Жолдасбеков М. Асыл арналар. Алматы, 1990.
4. Келімбетов Н. Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1991.
5. Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы. Алматы, 2000.
6. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. Алматы, 1974.
7.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. І-кітап. Алматы, 2001.
8.Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. Алматы, 1988.
9.Қыраубайкызы А. Ежелгі әдебиет. Алматы, 1996.
10.Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. Алматы, 1985.
11.Сүйіншәлиев X. ҮІИ-ХҮШ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы, 1989.
12.Сүйіншәлиев X. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997.
Қосымша:
14.Әбіласан Әбілхан. Көне сездер құпиясы. Алматы, 1998.
15.Бердібаев Р. Байқалдан Балқанға дейін. Алматы, 1996.
16.Бойс Мэри. Зороастрийцы. Обычай и верования. М., 1988.
17.Гумилев Л. Көне түріктер. Алматы, 1994; Қиял патшалығын іздеу.
Алматы,1992.
18.Есімов Ғ. Хакім Абай. Алматы, 1994.
19.Жұртбаев Т. Дулыға. 1-2 кітап. Алматы, 1994.
20.Йүгінеки Ахмет. Ақиқат сыйы. Алматы, 1985. Ауд. Ә.Құрышжанов,
Б.Сағындықов.
22.Конрад Н.И. Запад и Восток. М., 1966. . Қазақ тарихы. Алматы, 1998.
23.Қашқари Махмұт. Түбі бір түркі тілі. Алматы, 1993.
24.Қожа Ахмет Йасауи. Хикметтер. Алматы, 1995. Ауд. Ә.Жәмішев.
25.Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы, 1994.
26.Қорқыт ата кітабы. Алматы, 1986. Аударған, алғы сөзін жазған Ә.Қоңыратбаев.
27.Қорқыт ата кітабы. Алматы, 1994. Ауд. Б.Ысқақов.
28.Құтты білік. Алматы, 1986. Ауд. Б.Ысқақов.
29.Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Алматы, 1993.
30.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы, 1994.
31.Маданов X., Мусин Н. Ұлы дала тарихы. Алматы, 1994.
32.Машанов А. Әл-Фараби және Абай. Алматы, 1994.
33.Мыңжани Нығмет. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1995.
34.Өмірәлиев
Қ. ҮШ-ХІІ ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштері. Алматы, 1985.
35. Өмірәлиев Қ. "Оғыз
қаған" эпосының тілі. Алматы, 1988.
36. Сейдімбеков А. Қазақ әлемі. Алматы,
1997.
37. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. Алматы,
1993.